Референдум-2026

Қазақстанның жаңа парламенттік тарихының бастауы: Құрылтай сайлауы 23 тамызға тағайындалды

Бүгін, 14:02
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстанның жаңа парламенттік тарихының бастауы: Құрылтай сайлауы 23 тамызға тағайындалды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын», делінген құжатта.

 Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Президент халықаралық гимнастика ұйымдарының басшыларын «Достық» орденімен марапаттады.