Нысана көздеуден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында винтовка және тапаншадан 50 метр қашықтыққа үш қалыпта ату бойынша командалық есепте қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Команда құрамында Александра Ле, Елизавета Безрукова және Арина Малиновская өнер көрсетті.
Әлем чемпионаты Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) ұйымдастыруымен Мысырдың Каир қаласында өтіп жатыр. Жарыс 18 қарашаға дейін жалғасады.
Айта кетейік, биылғы әлемдік додаға 71 елден 697 спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы сапында ұлттық рейтинг пен республикалық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген елдің ең үздік 15 мергені сынға түсіп жатыр.