Референдум-2026

Қазақстан Иранның ең ірі портында көлік-логистикалық терминал салады

Бүгін, 16:43
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан Иранның ең ірі портында көлік-логистикалық терминал салады
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Иран Ислам Республикасының Порттар және теңіз қатынасы ұйымында Шахид-Раджаи портындағы жер телімін қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу үшін беру жөніндегі келісімге ресми қол қойылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 

Келісім 27 жыл мерзімге жасалды. Оның ішінде 2 жыл терминал құрылысын жүргізуге, ал кейінгі 25 жыл нысанды пайдалануға арналған. Ал жобаның үшінші жылында терминалды коммерциялық пайдалануға беру жоспарланған.

Аталған жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан мен Иран арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болмақ. Иранның ең ірі портында Қазақстан терминалының құрылуы «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің транзиттік әлеуетін нығайтуға, логистикалық бағыттардың тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ қазақстандық өнімнің Парсы шығанағы елдерінің, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның, сондай-ақ Шығыс Африка нарықтарына тиімді шығуын қамтамасыз ету арқылы экспорт географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.