Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Елімізге жүлдені Асылхан Асан әкелді. Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы жекелей жарыста жеңімпаз атанды.
Ол төрешілердің шешімімен 99.84 ұпай жинап, жарыста жеңіске жетті.
Екінші орынды Роман Бондарчук (Украина) иеленді - 99.45 ұпай. Үздік үштікті Эллиот Примо (Канада) түйіндеді - 93.76 ұпай.