Президент Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

5 желтоқсан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Президент Астана мен Бангкок арасындағы достыққа, өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті мол екенін атап өтті.

Сонымен қатар екі елдің сан қырлы ықпалдастығы қос халықтың игілігі жолында беки беретініне сенім білдірді.

Бұған дейін Президент «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлерін марапаттаған болатын.