Президент Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады
19 тамыз, 2024
фото: Akorda.kz
22-23 тамыз күндері Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды.
Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Бавария Орта дәлізді дамыту мәселесін талқылады
18 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Жапония жасыл жобаларды қаржыландыруды талқылады
17 қыркүйек, 2026
Президент Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады
17 қыркүйек, 2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен форумда шекара қауіпсіздігі мәселесін көтерді