Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

6 мамыр, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады
Фото: akorda.kz

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін наградталды:

І дәрежелі «Даңқ» орденімен

Сексембаев Марат Исламханұлы – Қостанай облысының прокуроры;

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен

Секенов Дастан Әбдіқадырұлы – Бас әскери прокурор

Төреханов Роман Алмаханұлы – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзеті қызметінің бастығы

Шекарбеков Сәкентай Амантайұлы – Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы;

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І дәрежелі «Айбын» орденімен 

Омарбеков Айтқұрман Жоламанұлы – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы

Спанов Иса Қалиұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының орынбасары;

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен 

Алашов Бақытжан Алашұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

Бөлегенов Ержан Ерғалиұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы

Дәрменов Ренат Есенкелдіұлы – Қорғаныс министрлігі департаментінің бастығы

Долбышева Татьяна Сергеевна – Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің инспекторы

Жаншин Жанболат Жасқайратұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары

Керімбаев Дәурен Темірғалиұлы – Мемлекеттік күзет қызметі департаменті бастығының орынбасары

Құсайынов Жарқын Қуанышұлы – Бас прокуратураның департамент бастығы

Мирошниченко Виталий Викторович – Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы полиция департаменті жасақ командирінің орынбасары

Өмірбекұлы Руслан – Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті Өскемен қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары

Рыспаев Нияз Қанатұлы – Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары

Тарыбаев Тимур Бағдатұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызметі департамент бастығының орынбасары  

Тоқанов Арман Құмарұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

Түймелиев Еркін Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы

Федорченко Дмитрий Юрьевич – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы қару-жарақ бас басқармасының штаб бастығы

Хайрушев Данияр Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары

Шәкенов Нұрлан Нұрмұхаметұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы

Ыбыраев Берік Мұхаметжанұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызмет орталығының бастығы;

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Мұхтархан Медет Мұхтарханұлы – Қорғаныс министрлігі 10810 әскери бөлімінің сержанты

Тәукебаев Ғалымжан Таласбекұлы – Қазақтан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің сержанты;

«Ерлігі үшін» медалімен

Білтанов Ербұлан Зәкірұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті Мақаншы ауданы бойынша шекара басқармасының топ бастығы

Қабиев Асан Нұрболатұлы – Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі

Қапанов Қанат Манарбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы № 3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері

Лиясқанов Бақытбек Қажыханұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің аға криминалисі

Солтанғали Азамат Жомартұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Талғар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

Байзақов Абзал Бауыржанұлы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі

Дүйсембаев Тимур Болатбекұлы – Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары

Қозыбаев Ғазиз Болысбекұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің бөлім бастығы

Мұқышев Асылхан Русланұлы – Қорғаныс министрлігі 61993 әскери бөлімі командирінің орынбасары – штаб бастығы

Рахымжанов Ерік Амангелдіұлы – Қорғаныс министрлігі 97616 әскери бөлімі командирінің орынбасары

Сұлтанғазиев Азамат Тілеуқабылұлы – Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері «Айбын» президенттік полкі 0112 әскери бөлімі басқарма бастығының орынбасары

Тілебалды Бауыржан Болатханұлы – Қорғаныс министрлігі 35748 әскери бөлімінің дивизион командирі.

Бұған дейін Президент «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденін Кенжебай Мәденовтің ұлына тапсырды.