Атырауда ер адам көп қабатты үйдің шатырынан секірмекші болды
1 ақпан, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
1 ақпан күні сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көп қабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы дабыл қаққан, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Серік Жолдығалиұлы мен Нұрсұлтан Жақсыбаев, учаскелік полиция инспекторлары Бағытжан Сабырғалиев пен Ерболат Сапашев жедел жетті.
«Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды