Павлодарда кәсіпорыннан 25 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды – ВИДЕО
Полицияға Павлодар қаласындағы ЖШС бірінен қомақты қаржы ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келтірілген шығын көлемі шамамен 25 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер кәсіпорынның күзетшісі болған күдіктіні анықтады.
Полицейлер бау-бақша серіктестіктерінің біріндегі саяжай учаскесінде тінту жүргізу барысында 24 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатын тапты. Ақша алма ағашының түбіндегі кастрөлдің ішіне жасырылған.
«Күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәркіленген ақша қаражаты қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді», - дейді Павлодар қаласы ПБ полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.