Депутаттарға ел бюджетінен қанша қаражат жұмсалады
12 қыркүйек, 2025
Фото: Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Мәжіліс қабырғасында 2025 жылы Мәжіліс пен Сенатты ұстауға қанша бюджет қаражаты бөлінгені туралы журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мен бюджеттік бағдарламаның әкімшісі емеспін. Депутаттардың қаншасы көлік пайдаланады, қаншасы жалға баспана алады немесе өз баспанасы бар ма: мұны материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы айта алады. Егер жалпы айта кетсем, Парламент қызметін қамтамасыз етуге 7-8 млрд теңге жұмсалады. Оның ішінде депутаттардан бөлек, саяси мемелекеттік қызметкерлер, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер бар», - деді Абзал Бейсенбекұлы.
Айта кетейік, Мәжілісте 98 депутат, ал Сенатта 50 депутат бар.
Ұқсас жаңалықтар
12 ақпан, 2026
Елімізде су ресурсын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспары әзірлене бастады
9 ақпан, 2026
Мәулен Әшімбаев: Конституциялық комиссияның жұмысы ашық және жария түрде жүргізілуде
22 қаңтар, 2026
Қазақстан мен Моңғолия азаматтарының расталған еңбек өтілімен зейнетақы тағайындалатын келісім мақұлданды
15 қаңтар, 2026
Мәулен Әшімбаев: Президенттің Парламенттік реформасы цифрлық демократияның озық үлгісі болуға тиіс