Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігіне бірқатар тапсырма берді
24 қаңтар, 2025
Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері қарастырылған. Ықтимал қолайсыз факторлардың әсерін барынша азайту, сондай-ақ қолда бар артықшылықтарды пайдалану шаралары талқыланды.
Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы әлемдік экономика дамуының Қазақстанға ықпалының есептеулері мен сценарийлерін ұсынды.
Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесе бірқатар тапсырма берілді.
Ұқсас жаңалықтар
30 сәуір, 2026
Елімізде Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
30 сәуір, 2026
Азық-түлік бағаларын бақылауда жасанды интеллект технологиялары пайдаланылып жатыр - министрлік
29 сәуір, 2026
Дүйсенбіден бастап мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында бастапқы дилерлер жұмыс іске кіріседі
29 сәуір, 2026
Air Products компаниясы Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуге ниетті