Оқушыны өлтірді деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды
9 ақпан, 2025
Фото: freepik.com
Қызылорда облысында 9-сынып оқушысының өліміне алып келген ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мұны Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.
«Сондай-ақ аталған қылмысқа қатысы бар тағы екі адамға қатысты бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Оларға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді