Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканың түрлі саласында іске асырылатын Қазақстан мен Корея Республикасының бірлескен инвестициялық жобалары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ұсынылған бастамалардың қатарында Алматы қаласында жергілікті автобөлшектер өндірісін ашу жобасы бар. Оның аясында отандық автозауыттардың сұранысына сай көліктің бәсеңдеткішін, орындық қаптамасын, еден жабыны мен сымдар будасын, сондай-ақ дөңгелек дискілерін шығару жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына Қостанай қаласында KIA компаниясының Локализация орталығы ашылатыны туралы баяндалды. Онда есік панельдері, орталық консольдар, орындықтар, төбе және еден қаптамалары, бамперлер мен автомобильдің басқа да бөлшектері өндірілмек.
Бұдан бөлек, Президентке медицинада қолданылатын ультрадыбысты диагностика жүйелерін шығару, Алматы қаласында корейлік басқару үлгісі мен заманауи медицина технологиялары қолданылатын көпбейінді аурухана салу, дрондар құрастыру секілді маңызды жобалар көрсетілді.
Мемлекет басшысына Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобалары таныстырылды
15 қыркүйек, 2026
Фото: Ақорда
Ұқсас жаңалықтар
3 қараша, 2026
Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады
3 қараша, 2026
Президент «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы басшысына бірқатар тапсырма берді
2 қараша, 2026
Берік Беркімбаев БРИКС форумында парламентаралық байланысты кеңейту мәселесін көтерді
2 қараша, 2026
Тель-Авивтегі бизнес-форумда Қазақстан мен Израиль арасында жеті меморандумға қол қойылды