Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды

Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады.

Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр.



Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары – Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғайды.