Референдум-2026

Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

11 шілде, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті.