Маймыл шешегі: Нигерияда қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды
20 тамыз, 2024
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Нигерияда маймыл шешегі вирусының таралуына байланысты қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz 24kz сайтына сілтеме жасап.
Ауруларды бақылау орталығының ақпары бойынша қауіпті инфекция бүгінге дейін 39 адамнан анықталған. Осыған байланысты билік өкілдері науқастармен байланыста болған азаматтарды шұғыл анықтау шараларын күшейтіп, дерттің кеңінен етек жаюына жол бермеуге күш салып жатыр.
Бұдан бөлек, ел азаматтарын вакциналау ісі де қолға алынған.
Айта кетейік, маймыл шешегі қазір Африканың 18 мемлекетінде өршіп тұр. Ең күрделі жағдай – Конго Демократиялық Республикасында. Ол елде шамамен 16 мың адам науқас деп танылып, 500-ден астамы көз жұмды.
Ұқсас жаңалықтар
18 желтоқсан, 2025
Токио мэриясы Қазақстан туының түсіне боялды – ВИДЕО
7 желтоқсан, 2025
Қытайда «Шыңжаң – Орталық Азия жастары» өнер фестивалі өтіп жатыр
5 желтоқсан, 2025
Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан астам қауіпті затты жойды
28 қараша, 2025
Сеулде Астананың туризм саласын таныстыруға арналған роуд-шоу өтті