Мәжіліске жаңа депутат қосылды
15 қазан, 2025
Фото: Amanat партиясынан
Әбутәліп Мүтәлі Мәжілістің жаңа депутаты атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалып, өкілеттілігін тоқтатқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына келді.
Әбутәліп Мүтәлі – AMANAT партиясы фракциясының өкілі.
Бүгін ол жалпы отырыста Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды.
Партия мәліметінше, Әбутәліп Мүтәлі – Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі және «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласының маманы ретінде танымал.
Ұқсас жаңалықтар
24 сәуір, 2026
Мәжіліс депутаттары көшпелі отырыста есірткіге, алкогольге тәуелділікті және ойынқұмарлықты емдеу мәселелерін талқылады
22 сәуір, 2026
Депутат Үкіметтен балалардың ойын алаңдарын бақылауға алуды сұрады
15 сәуір, 2026
Ұлттық ғылым академиясына квазимемлекеттік сектор субъектісі мәртебесі беріледі
8 сәуір, 2026
Қазақстанда қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау күшейтіледі