Қапшағайда демалып жүрген бейтаныс әйел көлге кәдімгі күнделікті жұмысқа киетін костюммен түскен, деп хабарлады Elorda.info.
Ол бұл әрекетін «мен педагогпін, маған купальникпен шомылуға болмайды» деп түсіндіреді.
«Мен Қапшағайда жүрмін. Мен – педагогпін. Маған купальникпен шомылуға болмайды. Мен костюммен түстім. Мен ешқашан өзімнің педагог екенімді ұмытпауым қажет. Мен қай жерде болсам да – педагогпін!», – дейді ол.
Бұл туралы желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп жатыр.
«Бұл былтырғы Түркияның түнгі клубына барған мұғалімдерді қолдау акциясы ма?», «Педагогтерде ойын-күлкімен өмір сүруге құқылы», - деп жазды желідегілер.