Түркістан облысында тұрғындарды 20 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды
13 ақпан, 2025
Фото: polisia.kz
Түркістан облысы Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысына қатысы бар 39 жастағы әйелді қолға түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Белгілі болғандай, күдікті әйел осыдан екі жыл бұрын ет сататын дүкеннің иесінен қарызға ет алып, ақысын бөліп төлеймін деп сендірген. Алайда арада жыл өтсе де ақшасын қайтармай із-түзсіз кеткен.
Тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынның дәл осындай 5 алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады. Яғни оларды да сан соқтырып, қарызға жіліктеп ет алған. Айласын асырған әйел еттерді базарға апарып төмен бағада сатып, ақшасын жеке бас пайдасына жаратқан. Жәбірленушілерге 20 миллион теңге шығын келтірген.
Қазіргі таңда әйелдің ісі сотқа өтті.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді