Jastar Research Hub жобасына өтінім қабылдау басталды

Бүгін, 09:12
Думан Аманжол Думан Аманжол
Jastar Research Hub жобасына өтінім қабылдау басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Jastar Research Hub атты жаңа жобасы басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба жастардың аналитикалық ойлау қабілетін жетілдіріп, жас сарапшылар қатарын қалыптастыруды көздейді. Оған магистратура мен докторантурада оқитын студенттер қатыса алады.

«Өтінім қабылдау 4 мамыр мен 4 маусым аралығында жүргізіледі. Іріктеу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен әлеуметтік сала өкілдері қатысатын комиссия жобаның 20 қатысушысын анықтайды», делінеді хабарламада. 

Қатысушылар 15-19 маусым аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ұйымдастырылатын бір апталық оқу бағдарламасынан өтеді. Оқыту барысында қатысушылар аналитикалық және зерттеу дағдыларын жетілдіріп, нақты мысалдар негізінде жұмыс істеуді меңгереді.

Жоба аясында қатысушыларға алдағы уақытта да қолдау көрсетіліп, үздік жұмыстар мемлекеттік органдарға ұсынылады.

Зерттеу тақырыптары келесі бағыттарды қамтиды:

- Жастар саясаты, инфрақұрылым, ұтқырлық және туризм;

- Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект;

- Мемлекеттік басқару;

- Мәдени дипломатия және креативті индустрия;

- Өңірлік саясат және қоғамдық көңіл-күй.

Толық ақпарат және өтінім беру тәртібін https://eljastary.kz/?p=2246 сілтемесі арқылы білуге болады.