2 млрд теңгеден астам заңсыз табыс тапқан Kizdar.net ұйымдастырушылары ұсталды
Ақылы интим қызметті жарнамалайтын «Kizdar.net» интернет-ресурсын ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Алматы қаласы прокуратурасының мәліметі бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.
Болжамды интернет-ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында ірі сомада ақша, цифрлық активтер, компьютер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Істі тергеуді Алматы қаласының прокуратурасы ерекше бақылауына алды.
Еске сала кетсек, Астанада шетелдіктерге ЖСН заңсыз рәсімдеу схемасы әшкереленді.