Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатында әйелдер күресінен қола медаль жеңіп алды

10 сәуір, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатында әйелдер күресінен қола медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап. 

Отандасымыз 76 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Еркебаева Оңтүстік Корея өкілі Эн Жду Хванды 5:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, 9 сәуірде Марал Тәңірбергенова (50 келіге дейін) мен Елена Шалыгина (68 келіге дейін) қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын бес жүлдемен аяқтағаны туралы жаздық.