07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Есіл өзеніне 4 млрд текше метрден астам су жіберілді

|
Photo: фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Есіл өзеніне 4 млрд текше метрден астам су жіберілді

|
Photo: фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Табиғатты қорғау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі Есіл өзеніне Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасынан 4 млрд текше метрден астам су жіберді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жыл сайын жүргізілетін санитарлық және табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулер Есіл өзенінің аңғарындағы флора мен фаунаның тіршілік ортасын және биологиялық алуан түрлілікті сақтауға бағытталған. Сонымен қатар бұл су ағызулар өзен арнасын тазартуға да көмектеседі.

«Бүгінде Есілдің орта ағысында балықтардың табиғи уылдырық шашатын жерлері суға толып тұр. Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулер – экологияны сақтауға, өңірдегі ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының дамуына көмектеседі. Ал бұл өз кезегінде жергілікті халықтың тұрмысын жақсартуға оң әсер етеді», – деді Есіл бассейндік инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллин.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗