Ербол Жолданғар: Мемлекеттік қызметтегі заңдылық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі

Ербол Жолданғар: Мемлекеттік қызметтегі заңдылық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ербол Жолданғар Elordainfo.kz тілшісіне тиімді мемлекеттік басқарудың негізі туралы сұхбат берді

- Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар?

- Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету – департамент қызметінің негізгі әрі басым бағытының бірі. Өйткені заңдылықтың сақталуы мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігіне, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігіне және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне тікелей әсер етеді.

Осы бағытта епартамент өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі мен конкурстық іріктеу рәсімінің заңдылығы, мемлекеттік қызметшілердің құқығы мен заңды мүддесінің қорғалуы, жұмыс уақыты режимінің сақталуы, қызметтік тәртіп пен әдеп нормасының орындалуы, сондай-ақ заңнамада көзделген әлеуметтік кепілдіктің қамтамасыз етілуі тұрақты назарда.

Сонымен қатар, департамент қызметінде заң бұзушылықты анықтаумен қатар, олардың алдын алуға да ерекше мән беріледі. Осы мақсатта мемлекеттік органдармен жүйелі түрде түсіндіру, әдістемелік және профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

- Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына бақылау қалай жүзеге асырылады және осы бағыттағы жұмыстардың нәтижелері қандай?

- Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етудің негізгі тетігінің бірі – мемлекеттік бақылау. Департамент өзіне берілген өкілеттіктер шеңберінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтауына жоспарлы және жоспардан тыс тексереді, сондай-ақ тиісті бағыттар бойынша мониторингті жүзеге асырады.

Жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болатын маңызды ақпарат көзінің бірі – азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерден келіп түсетін өтініштер. Әрбір өтініште көрсетілген уәждер департаменттің құзыреті шегінде жан-жақты, толық және объективті зерделенеді.

Атап айтқанда, жыл басынан бері департамент тарапынан азаматтардың өтініштері негізінде және жоспарлы бақылау шеңберінде барлығы 25 тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібінің сақталуы, конкурстық іріктеу рәсімінің заңдылығы, мемлекеттік қызметшілердің құқығы мен заңды мүддесінің қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қызметтік тәртіп пен әдеп нормасының орындалуына қатысты мәселелер зерделенді.

Мұндай бақылау іс-шаралары мемлекеттік органдар қызметіндегі заңнама талаптарының сақталу деңгейін бағалауға, орын алған кемшіліктерді анықтауға және оларды жою үшін тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда олардың сипаты мен мән-жайсы ескеріле отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті ден қою шарасы қабылданады. Бұл ретте тексерудің тиімділігі тек олардың санымен немесе анықталған заң бұзушылықпен өлшенбейді. Ең бастысы – заңдылықты қалпына келтіру, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың бұзылған құқығын қорғау және осындай жағдайдың қайталануына жол бермеу.

Сондықтан Департамент бақылау нәтижесін талдауға, анықталған кемшіліктің себептерін зерделеуге және олардың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыруда.

- Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларға заңнамада көзделген әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?

- Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттік қызмет жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі.

Мемлекеттік қызметшіге жоғары кәсіби және әдеп талаптары қойылғанымен, оның заңнамада белгіленген құқығы мен әлеуметтік кепілдігі де толық көлемде қамтамасыз етілуге тиіс.

Осыған байланысты департамент мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимінің сақталуына, демалыс құқығының қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ заңнамада көзделген әлеуметтік кепілдіктердің берілуіне ерекше назар аударады.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерді белгіленген жұмыс уақытынан тыс жұмысқа тарту, демалыс және мереке күндері жұмыс істеу тәртібі, тиісті өтемақы мен демалыс уақытын беру мәселелері тұрақты зерделенеді.

Бұл бағытта мемлекеттік органдардан тиісті ақпараттар алынып, оларға талдау жүргізіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің нақты сақталуына мониторинг жүзеге асырылады.

Мұндай жұмыс мемлекеттік қызметшінің құқығының бұзылуына жол бермеуге, жұмыс уақытын тиімді ұйымдастыруға және мемлекеттік органдар басшысының еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет саласындағы талаптарды сақтау жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

- Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң аясында қандай маңызды өзгерістерге назар аударған жөн?

- Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру – мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың және мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттырудың маңызды бағыттарының бірі.

Жаңа заң мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын күшейтуге, қызметтік жауапкершілікті нақтылауға және құқық бұзушылықтардың алдын алу тетігін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, заңда мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру, тәртіптік жауаптылық, мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне қатысты бірқатар маңызды ереже қарастырылған.

Жаңа заңның назар аударарлық бағыттарының бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу институтын дамыту. Атап айтқанда, 120 бірлік штат кемінде мемлекеттік органдарда құқық бұзушылықтардың алдын алу қызметтерін құру көзделген. Аталған құрылымдық бөлімшелер ұйымдық тұрғыдан дербес болып, мемлекеттік органның бірінші басшысына тікелей бағынады.

Бұл құрылымдардың негізгі міндеті – мемлекеттік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің заңнама және қызметтік әдеп талаптарын сақтауына жәрдемдесу.

Аталған өзгерістер құқық бұзушылық орын алғаннан кейін ғана шара қабылдау тәжірибесінен олардың алдын алуға басымдық беретін жүйелі тәсілге көшуге бағытталған.

- Заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу мақсатында қандай профилактикалық және түсіндіру жұмысы жүргізіледі?

- Құқық бұзушылықтың алдын алу – мемлекеттік қызмет саласындағы заңдылықты қамтамасыз етудің маңызды тетігінің бірі.

Департамент бұл бағыттағы жұмысты жүйелі негізде жүзеге асырады. Атап айтқанда, мемлекеттік органдарда заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіліп, ақпараттық-түсіндіру кездесуі, семинарлар және өзге де профилактикалық іс-шара ұйымдастырылады.

Мұндай іс-шараларда мемлекеттік қызметке қабылдау және оны өткеру тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің құқығы мен міндеті, жұмыс уақыты режимі, қызметтік әдеп нормасы, тәртіптік жауаптылық және заңнамада белгіленген шектеу ер бойынша түсіндірме беріледі.

Сонымен қатар, жүргізілген тексеру мен мониторинг нәтижесі талданып, заң бұзушылықтың туындауына ықпал еткен себептер мен жағдайлар зерделенеді.

Аталған талдаулардың негізінде мемлекеттік органдарға заңнама талаптарын сақтау және анықталған кемшіліктің қайталануына жол бермеу мәселесі бойынша тиісті ұсыным беріледі.

Бұл ретте профилактикалық жұмыстың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік органдарда заңнама талаптарының дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету және ықтимал құқық бұзушылықтың алдын алу.

Біздің пайымдауымызша, құқық бұзушылықтың алдын алу оны кейіннен жоюға қарағанда әлдеқайда тиімді. Сондықтан департамент алдағы уақытта да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды нығайтып, түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

- Сұхбатыңызға рақмет!