12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада жас жігіттер сауда орталығынан 20 телефон ұрлап кеткен

|
Photo: Фото: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада жас жігіттер сауда орталығынан 20 телефон ұрлап кеткен

|
Photo: Фото: polisia.kz

Астанада екі жас жігіт сауда орталығына баса-көктеп кіріп, 20 телефонды ұрлап кеткен. «102» арнасына бөтен мүлікті ұрлау туралы хабарлама түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Құқық қорғау органдары оқиға орнына жедел түрде жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, сауда ойын-сауық орталығында орналасқан телефон сататын жерге белгісіз екі адам кіріп, шамамен бір миллион теңге тұратын 20 телефон аксессуарларын алып кеткен.

«Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылардың жеке басын анықтады.

29 жастағы екі ер адам бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылып, осындай қылмыстар үшін сотталған. Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта іздеуде жүрген екінші күдіктіге қатысты шара қолдану мәселесі қарастырылуда», - делінген хабарламада.

КІНӘСІН МОЙЫНДАДЫ

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұрланған мүлік тәркіленді.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗