Елордада «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Бүгін, 16:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада көші-қон заңнамасын сақтау, шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бақылау және заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу мақсатында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстанда болу заңдылығын тексереді.

Сонымен қатар шетелдіктерді уақытша орналастыру орындары, жалдамалы пәтерлер, құрылыс нысандары, базарлар мен басқа да объектілер тексеріледі.

Полиция заң талаптарын бұзған тұлғаларды анықтап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және көші-қон саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету – іс-шараның негізгі бағыттарының бірі.

Еске салсақ, Астанада заңсыз жұмыс істеген үш шетел азаматы елден шығарылды.