Астанада өңірлерден жеткізілген мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды

6 қазан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада өңірлерден жеткізілген мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 19 қыркүйекте басталған дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы өтіп жатыр. Оған еліміздің өңірлерінен келген шаруалар қатысуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Маусым басталғалы жәрмеңкелерге Атырау, Қызылорда, Абай, Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының өкілдері қатысты.

Осы уақыт ішінде жәрмеңкелерге шамамен 150 мың адам келді.

Мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімі, оның ішінде ет, сүт өнімдері және басқа да азық-түлік тауарлары сатылды.

Еске сала кетейік, Астанада әр демалыс сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.