Елордада тұрақта жанған көлік дер кезінде сөндірілді

20 наурыз, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Елордада тұрақта жанған көлік дер кезінде сөндірілді
Фото: видеодан скрин

Астанада жеңіл көліктің жану дерегі тіркелді. Оқиға «Нұра» ауданында Ұлы дала даңғылы бойындағы тұрақ аумағында болған, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. 

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. 

Бұған дейін елордада монша кешенінде өрт шыққанын жаздық