Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Оқыс оқиға Ш.Айтматов көшесіндегі көпірдің астында, Kolsai тұрғын үй кешенінің маңында болған, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның аты-жөні анықталған. Ол – елорданың 56 жастағы тұрғыны.
«Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтады. Ол – елорданың 56 жастағы тұрғыны. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Полиция департаменті.
Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін 20 жыл бұрынғы кісі өліміне қатысты іс қайта қаралып, күдіктінің сотталғаны хабарланған еді.