Елордада тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау түсіндірілді
20 қараша, 2024
Фото: Сарыарқа ауданы әкімдігінен
Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігі Төтенше жағдайлар басқармасы және Полиция басқармасымен бірлесіп, аудан аумағындағы жатақханаларда өрттің алдын алу және қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тұрғындарға пеш, электр және газ қондырғыларын пайдалану ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Мамандар жылыту мақсатында зауыттан тыс жасалған жылыту құралдарын қолдану, пештердің дұрыс жұмыс істемеуі, электр сымдарын дұрыс пайдаланбау өрт қауіпсіздігіне ғана емес, адамдардың өміріне де үлкен қауіп төндіретінін атап өтті.
Жатақхана тұрғындарына өрттің алдын алу және қауіпсіздік ережелері жазылған жадынама парақшалары таратылды.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады