05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ішінде жасөспірім болған: елордада лифт тоғызыншы қабаттан құлап кетті

|
Photo: фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ішінде жасөспірім болған: елордада лифт тоғызыншы қабаттан құлап кетті

|
Photo: фото: freepik.com

Астанада 13 тамыз күні «Арыстан» тұрғын үй кешенінде лифт 9-қабаттан төменге қарай құлап кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол уақытта лифт ішінде жасөспірім қыз болған.

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірім қызда ауыр дене жарақаттары анықталмаған.

«Науқас №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына өздігінен жүгініп, қабылдау бөлімінде қажетті барлық мамандардың тексеруінен өтті. Тексеру барысында ауыр жарақаттар анықталмады. Сол себепті тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді»,- делінген хабарламада.

Бүгінде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады»,- деп жауап берді Астана қалалық полиция департаменті

Полиция азаматтарға лифтіні пайдалану ережелерін сақтауды ескертеді.

Сонымен қатар тұрғын үй кешендерінде қызмет көрсетуші компанияларды лифттердің техникалық жағдайын тиісті деңгейде қамтамасыз етуге шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗