Елорда циркінде гимнаст қыз бес метр биіктіктен құлап кетті
19 мамыр, 2025
фото: freepik.com
Оқиға 18 мамыр күні елордадағы циркте қойылым кезінде болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Kris_p_astana Telegram-арнасының жазуынша, гимнаст қыз шамамен 5 метр биіктіктен құлаған.
Қызға бірден әріптестері көмек көрсетіп, оны сахнадан алып шыққан. Зардап шеккен қыз жедел жәрдем арқылы ауруханаға жеткізілді.
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, цирк әртісінің бас миына зақым келіп, ми шайқалу диагнозы қойылған. Оның жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты деп бағалануда.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды