Елімізде жас ғалымдарға пәтер берілді

8 наурыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде жас ғалымдарға пәтер берілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда жас ғалымдарды қолдауға бағытталған бірқатар бастамалар жүзеге асып келеді. Солардың бірі – жас зерттеушілердің тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған қолдау шаралары, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 

Пәтер сертификатына ие болғандардың қатарында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкері Гаухар Қалдыбаева да бар.

«Тұрғын үй иесі атану мен үшін үлкен мәртебе. Қазіргі таңда мемлекет ғылымды дамыту бағытында бірқатар шараларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі – жас зерттеушілердің тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған қолдау. Осындай мүмкіндіктің арқасында ғылымдағы өз бағытыма толық көңіл бөліп, зерттеу жұмыстарымды жалғастыруға мүмкіндік алып отырмын», - деді ол.

Еске салайық, бұдан бұрын Астанада даулы үш тұрғын үй кешенінің құрылысынан үлескерлерге 8,2 млрд теңге шығын келгені туралы жаздық.