Мәжіліс креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Депутаттар бастамашы болған заңда креативті индустрия қызметкерлерінің құқын қорғау нормалары қарастырылған, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Құжат 12 қарашада бірінші оқылымда мақұлданды. Түзетулер аясында «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» және «Кинематография туралы» заңдарға өзгерістер енгізіледі.
«Креативті индустрия қызметкері» және «креативті индустрия субъектілерінің тізілімі» сынды жаңа ұғымдар қосылады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің креативті индустриялар саласындағы жобаларға жеке инвестиция тарту мониторингін жүргізу құзыреті нақтыланады.
Әкімдіктерге креативті индустрия саласындағы кәсіпкерлікті дамыту арқылы оның әлеуетті арттыру, таланттарды дамытуға жағдай жасау құзыреті беріледі. Шығармашылық және кәсіби еркіндікті дамыту мақсатымен креативті индустрия қызметкерлерінің құқын қорғау нормалары қамтылған. Сондай-ақ жастарды креативті индустрия саласына тарту бойынша мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары айқындалады.
Шетелдік әртістер қатысатын ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезіндегі ұйымдастырушылардың қызметі регламенттеледі. Сонымен қатар кинопрокатқа шығатын фильмдерге прокат куәлігін беру тәртібі өзгереді.
Елімізде креативті индустрияны қолдау күшейеді – Мәжіліс
24 желтоқсан, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
Ұқсас жаңалықтар
26 маусым, 2026
30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
26 маусым, 2026
Өзбекстанмен шекарадағы бірқатар өткізу пункттері тәулік бойы жұмыс режиміне көшеді - Мәжіліс
17 маусым, 2026
Ата заң азаматтардың күнделікті өмірімен тығыз байланысуы керек – депутат
17 маусым, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстарын басқаруда ынтымақтастықты күшейтеді