Қазақстанда 6 жаңа кәсіби мереке пайда болады
27 мамыр, 2025
Коллаж: Elordainfo.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұйрық жобасына сәйкес, кәсіби мерекелер тізбесіне Қазақстан кәсіпкерлері күні, Қазақстанның қолөнершілер күні, Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні, Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні, Кадр қызметі жұмыскерлерінің күні, Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні атты жаңа кәсіби мерекелер енгізіледі.
Сондай-ақ Энергетик күнін мерекелеу желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертіледі.
Ұқсас жаңалықтар
30 сәуір, 2026
Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды
29 сәуір, 2026
Енді баспанадан шығарудан 10 күн бұрын борышкерлерге міндетті хабарлама жіберіледі
28 сәуір, 2026
Әскерилер мерейтой жасына орай сыйақы алып отырады
27 сәуір, 2026
Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті