Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

Бүгін, 07:01
Думан Аманжол Думан Аманжол
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 7 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, күннің алғашқы жартысында жаңбыр жауады деп болжанады.

Оңтүстік батыстан жел соғады, жылдамдығы – секундына 9-14 метр.

Күндіз ауа температурасы +7,+9°С болады.