10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі орнын жақсартты

|
Photo: Қазақстан теннис федерациясынан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі орнын жақсартты

|
Photo: Қазақстан теннис федерациясынан

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Эр-Риядта өткен маусымның қорытынды турнирінен кейін жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жаңа тізімге сәйкес, үздік үштік өзгеріссіз қалды: көш басында Беларусь өкілі Арина Соболенко, екінші орында Польша теннисшісі Ига Швентек, ал үшінші орында америкалық Кори Гауфф орналасқан.

Ал WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте бір саты көтеріліп, алтыншы орыннан бесінші орынға жайғасты. Эр-Риядтағы жарыста ол қарсыластарының бәрін жеңіп, бес кездесуде де үздік нәтиже көрсетті. Финалда Рыбакина Соболенконы сенімді түрде жеңіп, маусымды жарқын жеңіспен аяқтады.

Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева өз орнын сақтап, 73-орында қалды.

Жұптық рейтингте отандасымыз Анна Данилина екі саты төмендеп, 15-орынға түсті. Путинцева бір позиция жоғалтып 106-орында, ал Жібек Құламбаева екі саты жоғары көтеріліп, 130-орынға тұрақтады.

WTA жұптық рейтингінде көшбасшылар қатарында чех теннисшісі Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсенд, ал үшінші орынды италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолини бөлісіп тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗