Екі күн ішінде іздеуде жүрген 286 қылмыскер ұсталды – ІІМ
20 қазан, 2025
Фото: freepik.com
15-16 қазан аралығында ТМД елдерінің аумағында қылмыскерлерді анықтау және ұстау мақсатында «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазақстанға бірлескен іздестіру шараларын жүргізу үшін Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің іздестіру тобы келді.
Өз кезегінде Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары полиция департаменттерінің жедел топтары Ресейге барып, ұқсас іс-шаралар өткізді.
Жалпы екі күн ішінде 286 қылмыскер ұсталды. Сонымен бірге 55 хабар-ошарсыз кеткен адам, оның ішінде сегіз кәмелетке толмаған бала табылды», - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды