Дзюдодан Хорватиядағы Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар анықталды

Бүгін, 15:16
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Дзюдодан Хорватиядағы Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар анықталды
Фото: olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Хорватияның Загреб қаласында өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Аталған жарыста ел намысын 17 спортшы қорғайды.

Ерлер

60 келі: Аман Бақытжан, Нұрәділ Әлжан

66 келі: Нұрқанат Серікбаев

73 келі: Бақытжан Абдурахманов

90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Нұржан Бисенов

100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы

Әйелдер

48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова

57 келі: Дана Әбдірова 

63 келі: Эсмигүл Куюлова

70 келі: Ажар Асхат

78 келі: Екатерина Токарева

78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Grand Slam турнирі 13-15 қарашада өтеді.