Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасымыз украиналық Снежана Онуфриевамен кездесті.
Тартысты белдесу 11:10 есебімен Шұғыла Өмірбектің пайдасына аяқталды.
Осылайша, Қазақстан әйелдер күресінен әлем чемпионатындағы алғашқы медаліне қол жеткізді.
Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық балуан АҚШ-тағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.