Үстел теннисінен Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

15 қазан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Үстел теннисінен Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Фото: olympic.kz

19-25 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Құрлық біріншілігінде Қазақстан атынан он спортшы бақ сынайды.

Ерлер құрамына Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов және Ескендір Харки кірді.

Әйелдер арасындағы жарыста Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды.