06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бірыңғай кадр жүйесі – кадр саясатының жаңа үлгісі

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Бірыңғай кадр жүйесі – кадр саясатының жаңа үлгісі

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Цифрландыру – бұл тек технология емес, бұл басқарудың жаңа мәдениеті. Біз деректерге сүйенген шешім қабылдау жүйесіне толық көшуіміз керек» - деп атап өтті. Осыған орай, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, Мемлекет басшысының аталмыш тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында бюрократиялық рәсімдерді қысқарту және басқару тиімділігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Соның бірі – «Бірыңғай кадр жүйесі» ақпараттық жүйесі, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Бірыңғай кадр жүйесі – кадрлық процестерді толық автоматтандырып, оларды цифрлық форматта жүргізуді көздейтін жоба. Бұл бастама кадр саясатының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуді мақсат етеді. Мұндай реформа кадрлық деректерді біріздендіріп, қағазбастылықты азайтуға, адами фактордың ықпалын төмендетуге және басқару шешімдерінің дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, Президенттің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 612 Жарлығымен Агенттікке мемлекеттік органдардың мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдарында бірыңғай кадр жүйесін қалыптастыру және енгізу жөніндегі функция бекітілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қалалық әкімдікпен біріге отыра, 2025 жылы жоспарланған 95 ұйымның 26 000-нан аса қызметкерінің жеке ісін, кадрлық құжат айналымының аталмыш жүйеге енгізілуін қамтамасыз етті. Департамент қызметкерлері тұрақты түрде кадрлық аудитқа шығып, мониторинг жасап жатыр. Қазіргі таңда Бірыңғай кадр жүйесінде ақпараттарды цифрландыру ведомстволық бағынысты ұйымның персоналды басқару қызметкерлерінің де оң пікіріне ие болды.

Сонымен бірге ақпараттық жүйенің енгізілуі ведомстволық ұйымдардың басқару деңгейінде тиімді шешім қабылдауына ықпал етеді. Жүйе қызметкерлер саны, жүктеме деңгейі, кадр тапшылығы, еңбек өнімділігі бойынша нақты статистика ұсынады. Бұл өз кезегінде ұйым басшылығына тәуекелдерді алдын ала болжауға, ресурстарды дұрыс бөлуге және ішкі құрылымдарды оңтайландыру жөнінде уақтылы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Алдағы кезеңде кадр саласындағы цифрландыру жұмыстарын одан әрі жетілдіру – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Жүйелердің интеграциясы, деректер сапасын арттыру, жасанды интеллект элементтерін енгізу және кадрлық мониторингтің жаңа құралдарын дамыту – бұл бағыттағы басымдықтар болып қала береді. 

Ербол Жолданғар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Астана қаласы бойынша департаменті басшысы

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗