Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте жоғарылады
25 маусым, 2025
фото: Olympic.kz
Халықаралық дзюдо федерациясы Будапешттегі (Венгрия) әлем чемпионатын қорытындылап, үздіктердің тізімін жаңартты, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әбиба Әбужақынова екін саты жоғарылап, екінші орынға жайғасты.
Отандасымыздың еншісінде 5662 ұпай бар. Бірінші орынға италиялық Ассунта Скутта (5958 ұпай) шықты. Ал франциялық Ширин Букли 5170 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) Будапештте (Венгрия) өткен әлем біріншілігінің финалында Италия өкілі Ассунта Скуттаға есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алған еді.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды