Бокстан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Бүгін, 15:36
Думан Аманжол Думан Аманжол
Бокстан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Таразда бокстан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін күндізгі сессияның қорытындысы бойынша алғашқы жеңімпаз есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Жарыста Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Нұрзат Оңғаров (50 келі), Элина Базарова (54 келі), Әділбек Қожахан (60 келі), Виктория Графеева (60 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Санжар-Әли Бегалиев (80 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дәулет Төлемісов (90 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Ал Әйгерім Сәттібаева (48 келі), Диас Берікбай (50 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Бибарыс Жексен (60 келі), Анар Тұрсынбек (60 келі), Елнұр Сүйінбай (70 келі), Аружан Жаңабаева (70 келі), Өнер Сейілхан (80 келі), Айдана Убайдуллақызы (80 келі) және Сағындық Тоғамбай (90 келі) жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, кешкі сессия бүгін сағат 15:30-да басталады.

Еске салсақ, хоккейден ел құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады.