Балқаш қаласында жеті елдің волонтерлері бас қосты

Балқаш қаласында жеті елдің волонтерлері бас қосты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

19-20 маусым күндері Балқаш қаласында Халықаралық волонтерлер форумы өтті. Іс-шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы және Balkhash Tour Fest 2026 фестивалі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Форумға Қазақстан, Әзербайжан, Үндістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстаннан келген волонтерлік ұйымдардың өкілдері мен жастар көшбасшылары қатысты.



Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар волонтерлік қозғалысты дамыту, БҰҰ-ның тұрақты даму мақсатын іске асыру және халықаралық жастар ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады. Форум бағдарламасында экологиялық бағытқа ерекше мән берілді. Іс-шара соңында қорытынды шығарылып, белсенді волонтерлер марапатталды.

Жиынды  Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қарағанды облысының әкімдігі ұйымдастырды.

Еске сала кетсек, елімізде 810 ұйым мен 3,5 мың бастамашыл топ жұмыс істейді, белсенді еріктілер саны 300 мың адамға жетті.