Балқаш әуежайын жаңғырту аяқталды

Балқаш әуежайын жаңғырту аяқталды
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысының Балқаш қаласында заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жұмыстары аясында әуежайды мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен ауқымды реконструкциялау жобасы аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қарағанды облысы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражатты бөлу аясында Балқаш қаласы әуежайын реконструкциялауды қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Жобаны іскеасыру көлік инфрақұрылымы нысанын жаңғыртуға, ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін дамытуға қосымша жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Балқаш қаласының көліктік қолжетімділігі едәуір артты және бұл өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.

Еске салсақ, елорда әуежайы жыл басынан бері 3,3 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетті.