Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елімізде негізгі пайдалы қазбалар қоры қанша жылға жететінін жария етті, деп хабарлады Elordainfo.kz өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстан – табиғи ресурстарға бай ел болып қала береді.
Соңғы деректерге сәйкес, қазіргі өндіру көлемін ескерсек, негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі мынадай:
-Алтын – 30 жыл;
-Мыс – 38 жыл;
-Қорғасын – 156 жыл;
-Темір кендері – 957 жыл;
-Көмір – 350 жыл.
Сол сияқты тұрақтылық марганец, титан, молибден және басқа да стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар бойынша да байқалады.
«Бұл – қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат нарығындағы орнын одан әрі нығайта алады деген сөз.
Ресурстық база тұрақтылығы – инвестиция тартудың, тау-кен өнеркәсібін дамытудың және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тірегі», - делінген хабарламада.