05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі кезінде жаңа қызмет көрсетіледі

|
Photo: Фото: primeminister.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі кезінде жаңа қызмет көрсетіледі

|
Photo: Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Үкімет отырысында баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанның авиация саласының цифрлық трансформациясы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ірі жобалары шеңберінде дамуын жалғастыруда. E-freight жүк тасымалдарында электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілді.

Еліміздің әуежайларында жолаушыларға қағаз құжаттарын көрсетпей-ақ тіркеуден және бақылаудан өтуге мүмкіндік беретін E-doc-airport электрондық жеке куәлік жүйесі белсенді қолданылуда.

«Жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру, ұшақтың ұшу уақытын және отын шығынын азайту үшін бағыттарды оңтайландыру және рейстердің кешігуі кезінде цифрлық сақтандыру қызметі сияқты инновациялар іске асырылу сатысында. Бұл авиабилеттерді сатуға арналған қосымшаға енгізілген арнайы қызмет түрі, ол жолаушыларға рейс кешіктірілген жағдайда сақтандыруға және төлемдерді бірден алуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗