Атырауда зейнеткерлерге тиесілі 7,2 млн теңге толық қайтарылды - прокуратура

Бүгін, 17:46
Думан Аманжол Думан Аманжол
Атырауда зейнеткерлерге тиесілі 7,2 млн теңге толық қайтарылды - прокуратура
фото: Оңалхан Өнерхан

Атырау облысының прокуратурасы білім беру саласындағы зейнеткерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокутаураға сілтеме жасап.

Тексеру барысында жергілікті білім беру ұйымдарының басшылықтары зейнеткерлердің заңды мүдделерін толық қамтамасыз етпегені анықталды.

«Зейнетке шығуына байланысты еңбек шарты тоқтатылған бюджет ұйымдарының қызметкерлеріне жалпы сомасы 7,2 млн теңгеден асатын міндетті өтемақы төлемдері төленбеген. Прокуратураның араласуымен Исатай ауданындағы мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың жүзге жуық қызметкеріне зейнеткерлікке шығуға байланысты заңнамада көзделген әлеуметтік төлемдер төленді», делінеді хабарламада.  

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде аталған қаражаттар толық көлемде аударылып, зейнеткерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Сонымен қатар, еңбек заңнамасын бұзған 7 тұлға ҚР ӘҚБтК-тің 87-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды.

Еске салсақ, Бас прокурор Гонконгта трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша келіссөздер жүргізді.