Атырауда Теңіз кенішінде екі жұмысшы уланып қалды
11 наурыз, 2025
Фото: freepik
«Теңізшевройл» кәсіпорнында газ кетіп, салдарынан екі қызметкер уланып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz Қазақстанның Мұнай және газ кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 8 наурызда Теңіз кен орнында – КТЛ-2,3 (5-ші желі) газ өңдеу зауытында болды. Бізге жеткен мәлімет бойынша, сепаратордың фланецті қосқышынан құрамында күкіртсутегі бар газдың кетуі салдарынан ТШО мердігер компаниясының екі қызметкері уланған. Олар тексерілу үшін емханаға жеткізіліп, кейін Атыраудағы ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Қауіпсіздікке қауіп төнуіне байланысты нысанның персоналы эвакуацияланды.
Газ кетуі жойылып, жабдық тексерілгеннен кейін қызметкерлер жұмыс орындарына оралып, қондырғы қайта іске қосылды.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды